Медициналық пойыз 6 айға жуық уақыт елдің 17 өңірін аралайды

23 Мамыр 2022, 11:20
1380
Бөлісу:
Медициналық пойыз 6 айға жуық уақыт елдің 17 өңірін аралайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Әдиева мәлімдеді. 

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» еліміздің 17 өңірін түгел қамтыған 32 әлеуметтік жобаны қолдап, жалпы саны жарты миллионға жуық адам көмек алды. Қазір де қор өңірлерді дамытуға қатысты бастамаларды толық қолдауға әзір. Оның ішінде, міне, белгілі бір үзілістен кейін көптен күткен жоба –медициналық пойыздарды іске қосып отырмыз. Жобаның мақсаты – еліміздегі шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету. Біз үшін бұл жобаның маңызы зор. Өйткені осының арқасында халық денсаулығын жақсартуға, алыс аудандар мен ауыл тұрғындарына қажет қызмет түрлерін қолжетімді етуге мүмкіндік туады, - деп атап өтті қор басшысы. 

Сондай-ақ ол медициналық пойыздар сапарының қанша уақытқа жалғасатынына тоқталып өтті. 

Биыл «Жәрдем» медициналық пойызы бүгін, яғни 23 мамырда Алматы қаласынан шығып, 6 қарашаға дейін жолда болады. Ал екінші пойыз – «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 2 қарашаға дейін өз жұмысын атқарады. Пойыздар Қазақстанның барлық облысын аралап, 147 станцияда жергілікті халыққа көмек көрсетеді. «Жәрдем» пойызы – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына; «Саламатты Қазақстан» Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарына барады, - деді Альфия Әдиева. 

Өзгелердің жаңалығы