Түркістан өңірінде медициналық анықтама бағасы реттелмеген

15 Мамыр 2019, 15:09
2320
Бөлісу:
Түркістан өңірінде медициналық анықтама бағасы реттелмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың сәуір айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті «Жасырын сатып алушының» көмегімен аудандарда орналасқан емханаларда қоғамдық бақылау жүргізді.

Аталған іс-шара барысында Жетісай аудандық орталық, Асық ата,  Атакент, Мырзакент, Мақтарал аудандық емханаларында сондай-ақ,Төлеби аудандық, Ленгір қалалық және Сайрам аудандық орталық емханаларында тексеру жұмыстары жүргізілді. 

"Бақылау нәтижесінде кейбір ұйымның кассасында №086 медициналық тексеруден өту парақшасы (бланкісі) әртүрлі бағамен сатылып жатқаны анықталды. Атап көрсетсек, Төлеби аудандық емханасында анықтама бланкісі 1420 теңге, ал Мырзакент емханасында 2400 теңге, сондай-ақ, Жетісай және Сайрам аудандық орталық емханаларында 3000 теңге көлемінде сатылуда", - деді ведомстводағылар.  

Осы бағыттағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына №086 үлгісіндегі қағаз түріндегі анықтамаларды түпкілікті жойып, бекітілген стандарттар талаптарына сәйкес, электрондық бланкіге көшіру туралы арнайы ұсыныс хат жолданды. 

Айта кетейік, осы енгізілген ұсынымдардың орындалуы бойынша пост-бақылау жұмыстары Департамент тарапынан жүйелі түрде жүргізілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы