Медицина қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті

27 Мамыр 2019, 19:45
4726
Бөлісу:
Медицина қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырауда денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттық сайысқа 30-ға жуық команда қатысты. 

Спорттық шараның басты мақсаты – қоғамның назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару және спорттың маңыздылығын насихаттау. 3 апта бойы өтетін спорттық шара облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Сенім» салалық кәсіподақ комитеті мен «Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» қолдауымен өткізілуде. Спартакиадада медицина қызметкерлері спорттың 5 түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, волейбол, футбол, ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жүгіру және флэшмоб жарысы. 

Медицина қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті


«Біздер Қызылқоға ауданынан келдік. Жыл сайын осы спартакиадаға қатысамыз. Бірінші ойынды жеңіспен аяқтадық. Жүлделі орындардан көрінеміз деп ойлаймыз»,- дейді Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының қызметкері.

Сайысқа қызығушылық танытып, қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Ұйымдастырушылар келесі жылы спартакиаданы ауқымды түрде өткізуді жоспарлап отыр. 

«Спортпен шұғылданып, осы арқылы біздер өзіміді үлгі ретінде көрсетудеміз. Әрбір адам күнделікті дене шынықтыру керек. Осындай спорттық шаралар ұйымдастырып үлесімізді қосудамыз», - дейді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.  

Өзгелердің жаңалығы