Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

24 Қыркүйек 2019, 18:31
1430
Бөлісу:
Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңгеге жуық қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады. 

2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асып жығылады. 

«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады», - деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев. 

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асады. 

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Өзгелердің жаңалығы