Медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

6 Сәуір 2023, 12:41
941
Бөлісу:
Медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі
Фото: sputnik.kz

Қазақстандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысына түзетулер енгізу жобасында айтылған. 

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжаттағы өзгерістерге сәйкес медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,42 мөлшерінде (қазіргі уақытта коэффициент 2,73 құрайды).

біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,34 мөлшерінде (қазіргі уақытта коэффициент 2,05 құрайды).

Түсіндірме жазбада аталған түзетулер Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейін экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары қамтамасыз ету туралы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін әзірленгені атап өтілген.

Жобаны порталда талқылау 19 сәуірге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы