«Медиация саласын дамыту» жобасының қорытындысы жарияланды

29 Желтоқсан 2023, 21:13
538
Бөлісу:
«Медиация саласын дамыту» жобасының қорытындысы жарияланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылған «Медиация саласын дамыту» республикалық жобасын іске асыру қорытындысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, медиация және медиаторлар саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

2023 жылдың басынан бері «Халыққа құқықтық ақпарат беру мәселелері бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру және дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша қоғамдық медиаторларды оқыту» гранты алғаш рет іске асырылуда.

«Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы халық өмірінің барлық салаларында медиацияны қолдануды қолдау және таратуға жәрдемдесу шараларын әзірлей отырып, «Медиация саласын дамыту» жобасын жүзеге асыруға кірісті

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің бір бабында ғана медиация туралы айтылғанын атап өтті.

Бұл жеткіліксіз, өйткені медиация соттарға түсетін жүктемені азайтуға қажетті тиімді құралдардың бірі болып табылады, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне әкімшілік сот арқылы шағым түсіруде, - деді депутат.

Мәдениет министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат Сәдуақас Министрліктің медиация жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы жұмысының барысы мен нәтижелері туралы баяндады.

«Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығының төрағасы Сабыржан Қалмұхамбетов жобаның аралық қорытындылары мен медиацияны дамыту бағытында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды жариялады.

Конференцияға қатысушылар медиаторлардың сарапшылық қоғамдастығын медиаторлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыратын, кәсіби этиканың сақталуын қадағалайтын және мемлекеттік органдармен және халықаралық медиация институттарымен өзара іс-қимыл жасайтын бірыңғай жүйе құраушы ұйым құруға шақырды.

Сондай-ақ медиация рәсімін бір жүйеге келтіру мақсатында кәсіби медиаторларды даярлау және мемлекеттік тілде сапалы оқулықтар мен бағдарламалар әзірлеу, медиаторларды даярлау жөніндегі ұйымдарды орталықтандырылған аттестаттау және медиаторларға арналған бірыңғай құжат үлгілерін бекіту қажеттігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы