ҚМДБ ұсынған құрбандық шалу рәсімі ең қауіпсіз және ыңғайлы – Аида Балаева

30 Шілде 2020, 22:44
1273
Бөлісу:
ҚМДБ ұсынған құрбандық шалу рәсімі ең қауіпсіз және ыңғайлы – Аида Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең барша мұсылман қауымының ең қасиетті де, қастерлі мерекесі – Құрбан айт мейрамы басталады.

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚМДБ ұсынған құрбандық шалу рәсімін өткізудің ерекше тәртібін ең қауіпсіз және ыңғайлы екенін айтты.
Бұл мереке – бірлік пен бейбітшіліктің, ынтымақ пен татулықтың, бауырмалдық пен мейірімділіктің мерекесі. Осы мереке кезіндегі барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмектің өзі адамзат баласының кеудесін қуанышқа, жүрегін ізгілікке толтырады. Биыл біз қасиетті Құрбан айт мерекесін қауіпті індеттің кесірінен қатаң карантин жағдайында қарсы алып отырмыз. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбандық шалу рәсімін өткізудің ерекше тәртібін әзірледі, – деп жазды министр.
Мереке қарсаңында құрбандық шалу рәсімін атқаруға онлайн-өтінімдер қабылдайтын арнайы сайт іске қосылды.
ҚМДБ ұсынған веб-порталды пайдалану арқылы құрбандық шалу тәртібі ең қауіпсіз және ыңғайлы болып табылады. Құрбандық етін мұқтаж адамдарға тарату өте маңызды. Бұл ҚМДБ-ның мұқтаждарды тамақтандыруға мүмкіндік беретін үлкен қайырымдылық жобасы, – деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы