ҚМДБ: 31 шілде – Құрбан айт мерекесі

21 Шілде 2020, 21:36
2202
Бөлісу:
ҚМДБ: 31 шілде – Құрбан айт мерекесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – зұлқағда айының соңғы күні. Ертең, яғни 22 шілде күні – зұлхижжа айы басталады. 30 шілде – Арапа күні. 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Арапа күні ораза тұту – сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін", деген. Құрбан айт күндерінде бай адамға құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді, – делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы