Мәжілістің жанынан қоғамдық палата құрылады

16 Маусым 2022, 16:01
1541
Бөлісу:
Мәжілістің жанынан қоғамдық палата құрылады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. 

Ұлтымыздың ұясы – қасиетті Ұлытау өңірінде тәуелсіз еліміздің келешегі жолында бас қосқан Ұлттық құрылтайға қатысушыларға алғысымды білдіремін.  Бүгінгі Ұлттық құрылтайға біз ата-бабаларымыз қалдырған татулық пен бірліктің байрағын көтеріп, адал аманатын арқалап келе жатырмыз. Қазақ елі өз тарихының жаңа кезеңіне аяқ басты. Жаңа саяси мәдениет қалыптастыру Жаңа Қазақстанды құрудың басты алғышарты, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы. 

Сонымен қатар ол жуырда жаңа қоғамдық палата жұмысын бастайтынын алға тартты. 

Жұртты уайымдатқан, қарапайым халықтың жанына батқан әрбір кешенді мәселе ең алдымен аудандық, облыстық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерде жіті талқыланып, саяси формулалар мен құжаттарға айналып, болашақта құрылтайдың күн тәртібіне енгізген жөн деп есептеймін. Сонымен қатар керісінше, құрылтайда талқыланған идеялар мен бастамалар Парламентте, аймақтық мәслихат пен қоғамдық кеңестің алаңдарында қоғамға жеткізіліп отырылуы аса маңызды. Осы мақсатпен таяу күндері Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар, саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін  қатыстыратын қоғамдық палата өз жұмысын бастайды, - деді Ерлан Қошанов. 

Өзгелердің жаңалығы