Мәжілістің 69 депутаты жаңа премьердің кандидатурасын қолдады

6 Ақпан 2024, 15:17
397
Бөлісу:
Мәжілістің 69 депутаты жаңа премьердің кандидатурасын қолдады
Фото: Ақорда

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасына қатысты дауыс берді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та AMANAT партиясы ұсынған кандидатураны қолдаған болатын.

Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтың кандидатурасына дауыс беріп, 7 депутат дауыс беруден бас тартты.

Олжас Бектенов депутаттарға оның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.

5 қаңтарда Президент Қазақстан үкіметін отставкаға жіберген еді.

Өзгелердің жаңалығы