Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу жайлы заң таныстырылып жатыр

16 Қаңтар 2024, 15:30
372
Бөлісу:
Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу жайлы заң таныстырылып жатыр
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасының таныстырылымына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Рамазанұлы Қадыров, Әділет вице-министрі Ботагоз Шаймарданқызы Жақселекова, Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Нұрланұлы Тұрысов, уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қатысып жатыр.

Заң жобасының негізгі ережелеріне: мемлекеттік органдардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін жауаптылығын күшейту; ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды енгізу; ақпараттың ашықтығы презумпциясы мен ақпаратты проактивті түрде тарату қағидаттарын бекіту; депутаттық заң жобалары бойынша жария талқылау және ақпараттық түсіндіру, сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу; ақпаратқа қол жеткізуді шектеудің мақсаттары мен уақыт шеңберін заңнамалық деңгейде айқындау және т.б. жатады.Заң жобасында Кәсіпкерлік, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», Экология кодекстеріне, сондай-ақ «Білім туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.

Депутат атап өткендей, заң жобасымен жұмыс енді ғана басталып жатыр, сондықтан бүгінгі күні айтылған мәселелер және осы тақырып бойынша өзге де мәселелер жұмыс тобының жұмысы аясында өз шешімін табады.

Депутаттық корпус пен сарапшыларды заң жобасы аясындағы жұмысына белсенді қатысуға шақырамын, өйткені біздің бірлескен қызметіміздің түпкі мақсаты - ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестендіру, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы