Мәжіліс жер туралы заңның соңғы нүктесін қойды

9 Маусым 2021, 13:43
1047
Бөлісу:
Мәжіліс жер туралы заңның соңғы нүктесін қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. 

Заң жобасы жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы бойынша әзірленді. Атап айтқанда, отандық жер пайдаланушылар үшін жалға беру институтын сақтау туралы және қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру жөніндегі Жер кодексі нормаларының қолданысына мораторийді ұзарту туралы тұжырымдамалық шешім қабылданды,- дейді баяндама жасаған депутат Берік Оспанов.

Сонымен қатар:

заң жобасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау күшейтіледі;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге сатып алынбаған жер пайдалану құқығын иеліктен шығару мүмкіндігі көзделеді;

жергілікті халықтың мұқтажы үшін жайылымдық жерлердің аумағы айқындалады;

жер заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да нормалар енгізіледі.

Оның айтуынша, депутаттар енгізген түзетулердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға қатысты.

Тиісті уәкілетті органдарға жалға беру  шарттарын қайта ресімдеу жөніндегі құзырет беріледі;

жалдау құқығы шарт талаптарының өзгерістері оның тарабын (жаңа жер пайдаланушыны) нақтылау бөлігінде тіркелген кезден бастап туындайтыны айқындалды; 

жер пайдалану шартының атауы нақтыланды.

Бұдан басқа, жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарай (құрылыс салу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген) жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау кезеңдерінің аражігі ажыратылды.  Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағым жасау рәсімін нақтылау мақсатында осы шешімге 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін деп айқындалған,- дейді депутат.

Заң жобасымен енгізілетін түзетулермен үйлестіру үшін Су кодексіне және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер де көзделіп отыр екен. 

Мәжілістің барлық комитеті осы заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Мүдделі уәкілетті органдар, саяси партиялар, сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 7 отырысы және Бас комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді, - деді Берік Оспанов.


Өзгелердің жаңалығы