Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа қағидалар бойынша өтеді

20 Қаңтар 2023, 12:05
1344
Бөлісу:
Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа қағидалар бойынша өтеді
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Саяси партияларды тіркеудің жеңілдетілген рәсімдері жаңа саяси партиялардың пайда болуына ықпал етті. Саяси ойыншылардың кеңеюі қазіргі сайлау науқанында саяси бәсекелестіктің артуына әсер ететіні сөзсіз. Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау процесінің белсенді қатысушылары болғандықтан, оларға партиялық тізімдер бойынша да, бір мандаттық округтер бойынша да Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына кандидаттар ұсыну құқығы берілді. Аралас сайлау жүйесі аясында барлық деңгейдегі өкілдік органға негізгі мандаттық округтер бойынша сайлау – елдегі саяси мәдениетті арттырудың маңызды факторы. Әрі жергілікті жерлерде азаматтардың мүдделерін көздеудің қуатты құралы, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. 

Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа қағидалар бойынша өтеді

Сонымен қатар ол биыл қандай нормалардың күшіне енетініне тоқталды. 

Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа қағидалар бойынша өтеді
Мәжіліс және мәслихат сайлауы жаңа қағидалар бойынша өтеді

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай нормалар күшіне енеді. Кейбіріне тоқталсам: сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшері туралы, сондай-ақ әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге байланысты біраз сұрақ бар. Дауыс беру күні сайлау учаскесінде бір емес, әр телеарнадан үш өкілге дейін қатыса алатыны туралы норма қабылданған болатын. Ол қазір қолданыста. Ұлттық байқаушыларды қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан, саяси партияларды қоспағанда, аккредиттеуге және онлайн платформаларда үгіт жүргізуге қатысты нормалар 7 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау науқаны жаңа сайлау қағидалары мен нормалары бойынша өткізіледі, - деді Нұрлан Әбдіров. 

Өзгелердің жаңалығы