Мәжіліс және мәслихат депутаттары бір күнде сайланады

20 Қаңтар 2023, 12:28
1253
Бөлісу:
Мәжіліс және мәслихат депутаттары бір күнде сайланады
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы ОСК комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауды тағайындау, әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралар қабылдау тапсырылды. «Сайлау туралы» заңда өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы Президенттің тиісті Жарлығының негізінде тағайындайды , - деп атап өтті комиссия мүшесі. 

Сонымен қатар ол неліктен Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өткізілетініне тоқталды. 

ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Президенттің тиісті жарлығы негізінде тағайындайды. Осыған байланысты мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқанын өткізудің жекелеген ұсыныстары, тіркеу, үгіт жүргізу кезеңдерін біріздендіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауымен бірге өткізу мерзімдерін белгілеу арқылы 2023 жылғы 19 наурызға белгілеу ұсынылады. Қаулы жобасы ОСК мүшелерінің қарауына енгізіледі, - деді Сәбила Мұстафина.

Өзгелердің жаңалығы