Мәжіліс төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 Мамыр 2023, 16:02
682
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне  гүл шоғын қойды
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін Астанада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты рәсім Жеңістің 78 жылдығы күні өтті.

Іс-шарада Палата Спикері, Парламенттегі саяси партиялар фракцияларының басшылары мен қала тұрғындары соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кету керек, соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды, олардың жартысы елге оралған жоқ. Көптеген қазақстандық соғыста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Солардың бірі – қазақ халқының даңқты қызы, мерген Әлия Молдағұлова. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Өзгелердің жаңалығы