Мәжіліс сот орындаушылардың жұмысын жақсарту бойынша заң жобасына өзгерістерді мақұлдады

6 Сәуір 2022, 10:32
3476
Бөлісу:
Мәжіліс сот орындаушылардың жұмысын жақсарту бойынша заң жобасына өзгерістерді мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода баяндама жасады. 

Конституцияның 76-бабында соттардың шешімдері мен бұйрықтары Қазақстанның барлық  аумағында күшіне ие деп айтылған. Осылайша, оны күштеп жүзеге асыру әділеттіліктің қорытынды кезеңі ретінде жедел әрі әділетті болуы керек. Азаматтардың мүліктік және мүліксіз құқықтарын қорғау үшін заңнамалық жоба сот орындаушылар мен өндірістік заң профилінде тіркелген. Осы заң жобасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы құрылып, азаматтардың құқығын қорғау мен сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейту мен атқарушы өндірісті жетілдіруге бағытталған,  - деді депутат.

Дмитрий Колода атап өткендей, күштеп атқару институтын жетілдіру мақсатында енгізілген өзгерістер кезінде атқарушы тараптар арасында құқықтық түсінбеушілік тудырмауы керек. 

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қарастырмайды. Оған қоса сот орындаушыларына өндіріс кезінде осыған дейінгі сот орындаушылары бекіткен күштеп орындау шараларын алып тастау құзыреті беріледі. Борышкерді шақыру негізін жемқорлықтың алдын алу мақсатында қысқарту ұсынылып отыр, - деді ол. 

Депутат атағандай, бұл өзгерістер атқарушы өндіріске қатысып жатқан тараптардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді. 

Осы айтылғандарды ескере отырып заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауды сұраймын, - деді ол. 

Депутаттар заң жобасына енгізілетін өзгерістерді дауыс беру арқылы бірінші оқылымда мақұлдады. 

Өзгелердің жаңалығы