Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

1 Қыркүйек 2023, 13:11
1097
Бөлісу:
Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман депутат Елеуов өз еркімен өтініш бергенін айтты.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Ғалымжан Елеуовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Мұхтар Ерман.

Мәжіліс депутаттары тиісті қаулығы дауыс берді.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттың жаңа қызметке кетіп бара жатқанын айтып, тиімді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы