Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасунов өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты

14 Наурыз 2022, 10:17
1619
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасунов өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасунов денсаулығына байланысты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3) және 8)-тармақтарына сәйкес депутат Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, - деді отырыста сөз алған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Депутаттар ұсынысты бір ауыздан қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы