Мәжіліс депутаттары жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

27 Тамыз 2021, 15:42
2162
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің басшылығы және депутаттары Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстардан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Әскери борышын өтеу жолында қайтыс болғандардың отбасына, туған-туыстарына барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ Палата спикері апат орын алған кезеңнен бастап, Мемлекет басшысы өз бақылауына алғанын, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатқанын айтып, зардап шеккендерге сабыр мен бекемділік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы