Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасын әзірлеуге кірісті

17 Қыркүйек 2024, 22:17
276
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасын әзірлеуге кірісті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржы және бюджет комитетінде өткен заң жобаларының таныстырылымына комитет төрайымы Татьяна Савельева жетекшілік етіп, Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева қатысты.

Заң жобалары бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндама жасады.

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?
1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің саны кемінде 20 пайызға қысқартылады;
2. ⁠Салық жеңілдіктері ретке келтіріліп, олардың көлемі кемінде 20 пайызға қысқартылады;
3. Экономиканың түрлі секторындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу жүзеге асырылады;
4. Арнайы салық режимдерінің тек үш түрі ғана оңтайландырылады;
5. Салық әкімшілігінің сервистік моделі енгізіледі.
6. Салық есептерінің саны 30 пайызға қысқарады және басқа да нормалар ұсынылды.

Жобалар бойынша жұмыс Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы