Мәжіліс депутаттары Екібастұзға барды

28 Қараша 2022, 14:57
1022
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Екібастұзға барды

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екібастұздағы төтенше жағдай күллі қазақстандықтарды алаңдатады. Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты. Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді, - деп жазды Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаттары Екібастұзға барды

 

Өзгелердің жаңалығы