Майра Ілиясова: Байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын

10 Қаңтар 2021, 10:10
1567
Бөлісу:
Майра Ілиясова: Байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәл қазір елімізде ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау процесі өтіп жатыр.  

Халық қалаулыларын таңдауға еліміздің мәдениет саласы өкілдері де атсалысуда. Солардың бірі әнші Құрмаш Махан бүгін еліміз үшін маңызды сәт екенін айтты.

Осы елдің азаматы ретінде сайлау учаскесінде тәуелсіз байқаушы ретінде борышымды өтеуге келдім. Таң атпастан халықтың белсенділік танытуы қуантарлық жағдай екенін айта кеткім келеді, - деп жазды ол өзінің әлеуметтік парақшасында.
Майра Ілиясова: Байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын

Әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова әрбір адам азаматтық позициясын ұстанып, дауыс беруі керек екенін жеткізді. 

Майра Ілиясова: Байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын

Құрамында елге танымал тұлғалар, әншілер бар байқаушылар тобы өзімізге тиесілі сайлау учаскесінде таңертеңнен бері дауыс беру процесін бақылап отырмыз. Мен байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырмын. Сайлау процесінің бөлшегі болып, көмек көрсетіп отырғаныма қуаныштымын. Мұндағы санитарлық нормалар жоғары деңгейде сақталған, әзірге ешбір тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ, - деді ол. 

Сондай-ақ актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай да байқаушылар қатарында. 

Еліміздің жарқын болашағы мен береке-бірлігі үшін азаматтық борышымды орындап өз таңдауымды жасап, байқаушы қызметімді атқарудамын. Сайлауға дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дауыс берушілердің таңертеңнен жауапкершілігі мен белсенділігі қуантты, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы