Майқайыңдағы апат: іздеу жұмыстарына ақша жоқ

12 Наурыз 2024, 18:11
341
Бөлісу:
Майқайыңдағы апат: іздеу жұмыстарына ақша жоқ

Майқайыңалтын кен орнында іздестіру жұмыстары құтқарушылардың 200%-дық қауіпсіздігі қамтылғанда ғана жанданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, мардымды іздеу шараларын жүргізу үшін жоба әзірленуі тиіс. Кейін нормативтік-актілерге сәйкес тиісті жұмыс басталуы шарт.

Іздестіру, құтқару, тау-инженерлік, геологиялық, тау-құтқару деген ұғымдар бар. Заңнамаға сәйкес барлығының айырмашылығы бар. Біз кәсіби тұрғыдан апатты-құтқару және іздеу жұмыстарын жүргіземіз. Ал өзге жұмыстармен коммерциялық ұйымдар айналысады. Қолдағы әдістемеге сәйкес, іздеу-құтқару жұмыстары белсенді, пассивті деген фазаларға бөлінеді. Белсенді жұмыс 3 күн жүргізіледі. Мамандар оқиға орнына екі сағат ішінде жетті. Екі құтқарушының денесі табылды. Пассивті фаза жеті күн жүргізіледі, бұл 10 тәуліктік жұмыс. Біз белсенді фазаны бір айға создық, - дейді Жасұлан Жұмашев.

Мамандардың айтуынша, топырақ құлаған жерде ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Олардың жанында құтқарушылар жұмыс істейді. Топырақ үйінділерінің құлауы әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ал бұл адам шығынын әкелуі мүмкін.

Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, іздестіруді жалғастыру үшін тау-инженерлік жұмыс жоспары керек.

Оны тек кеніш басшылығы әзірлеу керек. Бұл шешімге мемлекеттік мекемелер әсер ете алмайды. Іздестіру үшін георадарлық, геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер жүргізу керек. Бұған дейін жоба әзірлеушімен келіссөздер жүргізілді. Бірақ, ұйым бас тартты. Біз бұл іспен айналыса алмаймыз. Сараптамалық жұмысқа кәсіпорын қаржы бөлу керек. Алайда, не ереже, не жоба, ақша жоқ, - дейді Жасұлан Жұмашев.

Өзгелердің жаңалығы