Майами WTA 1000. Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды

29 Наурыз 2024, 11:14
284
Бөлісу:
Майами WTA 1000. Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды
Фото: Рыбакинаның ракеткасы телеграм-арнасы

Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Рыбакинаның ракеткасы" телеграм-арнасының мәліметінше, қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен сынға түседі. 

Коллинз жартылай финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2. 

Осылайша, 30 наурыз күні Рыбакина Коллинзбен кортқа шығады. Бұл олардың өзара бесінші кездесуі болмақ. 

Әзірге есеп – 3:1, Елена алда. Елена Рыбакина ресейлік Мария Шараповадан кейін Майами жарысында екінші жыл қатарынан финалға шыққан ең жас ойыншы атанды. 

Шарапова 2005 және 2006 жылдары 18 жасында екі рет финалға шыққан еді. 

Елена мұндай нәтижеге 24 жасында қол жеткізіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы