Маусым айы ыстық әрі құрғақ болады - Қазгидромет

22 Сәуір 2024, 14:44
2974
Бөлісу:
Маусым айы ыстық әрі құрғақ болады - Қазгидромет
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр мен маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамыр айындағы ауа райы топырақтағы жылудың жиналуына сонымен бірге оның бетіндегі ылғалдың белсенді булануына ықпал етеді. Көктемгі су тасқынын ескере отырып, еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде оңтайлы болады деп болжап отырмыз. Жинақталған жауын-шашынды ескере отырып, алдын ала есептеулерге сәйкес, мамырда атмосфералық ылғалдық нормаға жуық және одан жоғары болады. Қызылорда облысында жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасы жоғарылау болжануда, - деді Қамар Сәлиева "Қазгидрометте" өткен брифингте.

Маман мауым айында да ыстық болатынын айтады.

Ұзақмерзімді болжам бойынша елдің Оңтүстік және Оңтүстік-шығысындағы батыс аймақтар мен тау бөктерін қоспағанда маусым айы көбіне ыстық әрі құрғақ болады. Республиканың Батысында нормаға жуық температура күтіледі, ал қалған аумақтарда климаттық мәндерден 1-2 градусқа жоғары болады, - деді агрометеролог.

Еске сала кетсек, бұған дейін мамандар еліміздің қай өңірінде құрғақшылық болатынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы