Материалдық емес құндылықтарды түгендеу керек – Жанарбек Әшімжан

14 Наурыз 2024, 17:00
381
Бөлісу:
Материалдық емес құндылықтарды түгендеу керек – Жанарбек Әшімжан
Фото: скрин\@mazhilis_kz

Елімізде материалдық емес құндылықтарды түгендеу түбегейлі жолға қойылмай тұр. Жанарбек Әшімжан Ұлттық құрылтайда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Материалдық емес құндылықтардың екі бағыты бар. Біріншісі – археологиялық жәдігерлер. Бұл Үкіметтің қаулысымен зерттеліп, іске асырылып отыр. Ал, екіншісі – экспедиция. Бірақ, материалдық емес құндылықтар түбегейлі жолға қойлымай тұр. Материалдық құндылықтар дегеніміз жыр, жұмбақ, айтыс, фольклор, құсбегілік. Бұл – айналымдағы, 50-60 жылдық қорда сақталған дүниелер. Материалдық емес болса да ұлттық құндылығымызға жататын бай мұрамызды әлі толық түгендеген жоқпыз, - деді ол.

Маңғыстаудың ойы мен қырында қазақтың әлі де толық зерттелмеген ұлттық құндылықтары жатыр.

Бұл – қазақтың ұлттық иммунитеті. Қазір адам айтса нанғысыз түрлі қылмыс жасалып жатыр. Әкесіне қарсы шығып, беттен алатын балалар бар. Материалдық емес құндылықты бойына сіңірмеген ұрпақ отбасындағы зорлық-зомбылық, мемлекеттің қаржысын ұрлау секілді қылмыстарға барады. Мұның бәрі ұлттық құндылықтан ажыраудың салдарынан туындап отыр, - деді ол.

Депутаттың пікірінше ұлттық рухы жалаңаштанған ұрпақтың буыны қалыптасты.

Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан, Ресейде, ондағы республикаларда материалдық емес құндылықтарын сақтау, зерттеу, келер ұрпаққа табыстау туралы заң қабылданды. Қырғызстанда Манас туралы жеке, материалдық емес құндылықтар туралы жеке заң бар. 2003 жылы материалдық емес құндылықтар туралы Париж конвенциясы қабылданған. Біздің еліміз сол конвенцияға мүше. 2011 жылы Үкімет арнайы қаулы шығарылды. Сол тұжырымдама қағаз күйінде қалды. Енді бізге материалдық емес құндылықтар туралы заң қажет, - деді Әшімжан.

Өзгелердің жаңалығы