Мәслихат жергілікті әкімдіктен есеп алуы керек – заңгер

19 Маусым 2024, 18:00
342
Бөлісу:
Мәслихат жергілікті әкімдіктен есеп алуы керек – заңгер
Фото: BAQ.KZ

Астанада "Қазақстан өңірлеріндегі өкілді билік органдары: жұмыс істеу мәселелері мен перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладин Ибрагимов мәслихат жергілікті әкімдіктерден тұрақты түрде есеп алып тұруы керек дейді.

Мәселен, Парламентте депуттар Үкімет мүшелерін шақырып, нақты бір бағдарламалар бойынша есептерін тыңдайды. Неге мәслихат болашақта әкімшілікті және департамент басқарып отырған азаматтардың нақты жоспары мен бітірген істерін тыңдамайды? Мәселен, мәжілісте елді мекендердегі жол мәселесі жөнінде Жоғарғы аудиторлық палатаның басшысы баяндама жасады. Дәл сол тәжірибені мәслихат депутаттары да қолдануы керек. Яғни жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен әлеуметтік мәселесін нақты жеткізіп, ашық талқалуға салынса…, – деді заң ғылымдарының докторы 

Мәслихат жергілікті әкімдіктен есеп алуы керек – заңгер

Астана қаласының мәслихат депутаты Нұрлан Өтешев елімізде өзін-өзі басқару органдары трансформациядан өтіп жатқанын айтады.

Қаңтар оқиғасынан соң Ата заңымызға жаңа бағыттар бердік. Ондағы мақсат -халық қоғамдағы өзекті мәселені ашық айтып, шеше алуы керек. Бір жылдың ішінде мәслихат депутттарының біраз нәрсеге қолы жетпейтінін түсіндім. Өйткені қазір бүкіл шешімдер мен жобалар атқарушы биліктің қолында болып отыр. Өкінішке қарай түйткілді мәселені ұсынып, шешу процесі мәслихат төрағасының абыройына байланысты. Қазіргі таңда депутттар ұсыныс айтумен ғана шектеліп отыр. Мәслихат әкімдікке халықтың көзқарасын жеткізіп отыруға тиіс. Сондықтан арнайы процедура арқылы мәслихат депутатының құзіреті айқындалғаны жөн. Сол кезде ғана мәслихат тек көше атауын өзгертумен айналысады деген сөзден құтыламыз, – деді Өтешев.

Өзгелердің жаңалығы