Мәслихат кандидаттарының партиялық тізімін ұсыну қашан аяқталады?

27 Қаңтар 2023, 11:41
1127
Бөлісу:
Мәслихат кандидаттарының партиялық тізімін ұсыну қашан аяқталады?

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төртінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну кезеңі 8 ақпанға дейін өткізіледі. Сол күні кешкі сағат 18.00-де аяқталады. Осыған байланысты «Байтақ» және «Respubliсa» саяси партияларының назарын тағы да аудара кетейін. Партиялар осы кезеңде басқа өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып, оларды тіркеген жағдайда партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарының тиісті өңірлердегі сайлауына қатысу мүмкіндігіне ие бола алады, - деп түсіндірді ОСК төрағасы. 

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі партиялық тізімнен мәслихат депутаттарына кандидатты саяси партиялар ұсынатынын айтқан болатын. Кандидаттарды ұсыну тиісті заңнамаға сәйкес жүргізіледі. 

Сонымен қатар «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respubliсa» партиялары қазіргі уақытта өздерінің филиалдары құрылған аймақтарда ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жібере алады. 

Өзгелердің жаңалығы