Маскүнемдерді наркологиялық мекемеге жатқызу үшін полицейлер жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр – министр

18 Қазан 2022, 10:52
892
Бөлісу:
Маскүнемдерді наркологиялық мекемеге жатқызу үшін полицейлер жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр – министр

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мәжбүрлеп емдеуді қажет ететін созылмалы «маскүнемдер» үшін де төсек-орын тапшылығы бар. Еліміз бойынша бар-жоғы 20 ғана мамандандырылған наркологиялық мекеме жұмыс істейді. Бұл ретте, оларға азаматтарды жіберу процедурасы аса бюрократияға айналып кеткен. Ал, наркологиялық мекемелердің медицина қызметкерлері мен наркологтар тиісті шешім қабылдағысы келмейді. Нәтижесінде, полицейлер көбінесе бұл мәселемен тек өздері жүгіреді. Тіпті, өзінің жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, полиция қызметкерлеріне артылған жүк ауыр.

Атап айтқанда, материалдарды соттарға рәсімдейді, анализдерді тапсырады, сараптамадан өткізеді және құқық бұзушыны жатқызу үшін медициналық мекемеге жеткізеді. Соттар мәжбүрлеп емдеу туралы 4 мыңнан астам материалды қараған. Осы аталған проблемаларға байланысты, олардың тек 72% ғана ауруханаға жатқызылған. Жалпы, бүгінгі таңда осындай 11медициналық мекеменің жұмысын ұйымдастыру қажет, - деді Марат Ахметжанов. 

Өзгелердің жаңалығы