Мәскеуде шахматтан дәстүрлі «Aeroflot Open» турнирі өтті

8 Наурыз 2024, 18:37
615
Бөлісу:
Мәскеуде шахматтан дәстүрлі «Aeroflot Open» турнирі өтті

Мәскеу қаласында 2-8 наурыз аралығында дәстүрлі «Aeroflot Open» турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А негізгі турниріне 142 шахматшы қатысса, солардың арасында 47 гроссмейстер және 50 халықаралық шебер болды.

Қазақстан намысын Әлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат, Арыстан Исанжұлов, Даниял Сәпенов, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, барлығы 8 шахматшы қорғады.

Жарыста негізгі 15 жүлдеден басқа бірнеше аталымдар бойынша жүлделер белгіленді.

Әйелдер арасында қазақстандық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева 1-орынға ие болды. 

Бәсекеден тыс рейтингілік есепте қазақстандық жасөспірімдер бірнеше белгілі таланттарды басып озды. 2400-2499 рейтингілік санатта Қазыбек Нөгербекке тең келер ешкім болған жоқ. 2300-2399 рейтингілік санатта Даниял Сәпенов тек қосымша көрсеткіштер бойынша жеңімпазға жол беріп, екінші сатыға тұрақтады. 
Әлемдегі озық ашық турнирлердің бірі болып саналатын «Аэрофлот-опен»-де ирандық Табатабей топ жарды. Ресейлік Андрей Есипенко екінші, өзбекстандық Нодирбек Якуббоев үшінші орынға қол жеткізді. 

Қазақстандық қатысушылар арасында астаналық Қазыбек Нөгербек үздік нәтиже көрсетті. Тоғыз турдан кейін ол 6 ұпаймен 6-19 орындарды бөлісіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бибісара Асаубаева (Ақтау), Даниял Сәпенов (Қарағанды) және Рамазан Жалмаханов (Алматы) 5,5 ұпайдан жинады. 

Біздің барлық шахматшыларымыз сайыс нәтижесі бойынша Эло жеке коэффициенттерін жақсартты.

Өзгелердің жаңалығы