Мәскеуде Қазақстан-Ресей консультациялары өтеді

12 Қыркүйек 2022, 15:47
789
Бөлісу:
Мәскеуде Қазақстан-Ресей консультациялары өтеді
Фото: автордан

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

22 қыркүйекте Мәскеуде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың төрағалығымен Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрлігі арасындағы консультациялар өтеді. Іс-шара аясында Қазақстан-Ресей қатынастарының өзекті мәселелері, ШЫҰ, ЕАЭО, ҰҚШҰ ұйымдары аясындағы екіжақты өзара іс-қимыл талқыланады, - деді ол.

Смадияров атағандай, сол күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық институтында конференция өтеді.

Ол Қазақстан-Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыллығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деді Смадияров.

Ресми өкіл биыл Қазақстан мен Беларусь елінің дипломатиялық қатынасына да 30 жыл толғанын атады.

Былтыр тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуді жақтады. ҚР мен РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай (1992 ж. 22 қазан) екі ел халықтарының өзара түсіністігін, сенімін және мәдени жақындасуын одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен қадамдар жасау ниеті расталды.

Өзгелердің жаңалығы