Мәскеуде қатаң карантин күшіне енді

28 Маусым 2021, 14:14
2082
Бөлісу:
Мәскеуде қатаң карантин күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудегі мейрамханалар Сovid-free ережелері бойынша жұмыс істей бастады. 

Енді тамақтану орындары тек коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған, соңғы 6 ай ішінде індеттен сауығып шыққан немесе ПТР-тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары бар адамдарды ғана қабылдайды.


Кәсіпкерлер I.moscow порталында COVID-free форматында жұмыс істеуге ниет білдіруде. Бұдан кейін олар тек QR кодтар арқылы келушілердің нысандарға кіруін ұйымдастырады. QR кодтар олардың коронавирустық инфекцияға қарсы егілгенін немесе соңғы алты айдағы ауру фактісін немесе EMIAS-да есепке алу үшін сертификатталған зертханалардың біріне ПТР анализдерді тапсырғанын растайды, - деп түсіндірді Мәскеу мэрі аппараты басшысының 1-ші орынбасары Алексей Немерюк.


Ол QR-кодты тексеру бірнеше секундты алатынын нақтылады: смартфон камерасын кодқа сәйкестендірген кезде экранда сертификаттың жарамдылығын растайтын ақпарат, смартфон иесінің тегі, аты, әкесінің аты және құжаттармен салыстыру мақсатында оның төлқұжатының бірнеше саны пайда болады.

Италия көшеде бетперде кию міндеті мен коменданттық сағат алынды. Енді азаматтар бетпердені тек жабық кеңістіктерде және ашық ауада адамдар көп жиналатын нысандарда ғана киюге міндетті.

Италияда инфекцияны 4,25 миллионнан астам жұқтырса, 127000-нан астам адам індет салдарынан көз жұмған. Алайда, соңғы кезеңде аталмыш елде ауруды жұқтырғандар саны мен өлім көрсеткіші күрт төмендегені байқалды.

Біріккен Корольдіктің Қорғаныс министрлігін COVID-19 «басып алды». Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес пен жоғары лауазымды басқа бірнеше шенеунік оқшаулануға мәжбүр болды.

Бұған қорғаныс штабының бастығы Ник Картердің тапсырған ПТР-тестінің оң нәтижесі себеп.

Коронавирустың таралуының алдын алу үшін тестілеу және контактілерді іздеу жүйесі Уоллес пен әскери-теңіз күштерінің, Корольдік Әуе күштерінің және стратегиялық қолбасшылықтың басшыларына 10 күндік үй карантинін тағайындады.
Өзгелердің жаңалығы