«Мәселе шешу» үшін 390 мың доллар талап еткен алматылық ұсталды

1 Тамыз 2023, 10:18
787
Бөлісу:
«Мәселе шешу» үшін 390 мың доллар талап еткен алматылық ұсталды
Фото: Арман Мухатов

Алматыда пара беруге түрткі болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын әшкереледі.

Ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен, - делінген Антикор таратқан мәлімдемеде.

Кәсіпкер алаяқтық әрекеттерге бой алдырмай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды.

Сондай-ақ, аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды.

Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелейтін жағдайлардың жалғасып жатқандығына назар аударады.

Өзгелердің жаңалығы