Масанчиде үйінді астынан табылған адамның кім екені анықталды

5 Наурыз 2020, 12:19
1557
Бөлісу:
Масанчиде үйінді астынан табылған адамның кім екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер Масанчидегі үйінділер астындағы мәйіт 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 ақпанда Қордайдағы Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.

Ол із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлаған еді, - деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментінде.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Естеріңізге сала кетейін, Қордай ауданының Масанчи ауылында өртенген сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қиранды арасынан күйген адам мәйіті табылған болатын.

7 ақпанда, жұма күні, Қазақстанның Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе және Масаншы ауылдарында жаппай төбелес болғандығы белгілі болды. Бүгінде ауыл тұрғындары арасындағы жаппай төбелес бойынша ҚР ҚК 243 бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған деп мәлімдеме жасады. 



Өзгелердің жаңалығы