Масалар коронавирус тасымалдай ма?

4 Мамыр 2021, 16:08
1457
Бөлісу:
Масалар коронавирус тасымалдай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнет қолданушылары жазда маса шақса, COVID-19 жұқтыруға болады деп алаңдауда. Олардың пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдаушылар. Бұл олай емес, деп жазды stopfake.kz.

Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланған.

Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек, – делінген ұйымның сайтында.

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер бұл аурудың қоздырғышы емес. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы