Марста өмір сүруге қолайлы жоба таныстырылды

11 Желтоқсан 2023, 12:38
498
Бөлісу:
Марста өмір сүруге қолайлы жоба таныстырылды
Фото: автордан

Алматыда TECH CUP ALMATY 2023 чемпионатына еліміздің әр өңірлерінен және Қырғызстаннан барлығы 150-ден астам команда қатысып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жас өнертапқыштар өз жобаларын халықаралық деңгейде жасап шыққан. Тіпті Марста өсіруге болатын өсімдіктерді таныстырды. 

Марста өмір сүруге қолайлы жоба таныстырылды

Біз бұл жобаны көптен бері күттік. Сол себептен өзіміздің ерекше жобаларымызды құрастырдық. Марста өсімдіктердің өсуіне ыңғайлы болуы үшін жылыжай құрастырдық. Біз бұл жобада Марстың ауа райын, температурасын, ылғалдылығын басты назарға алдық. Марстың биохимиясын зерттедік. Қазіргі уақытта біздің ғаламшарымыздың экологиясы өте нашарлап келеді. Осындай кезде шетелдік ғалымдар басқа ғаламшарлардағы тіршілікті зерттеуде. Яғни қандай да бір жағдайлар орын алса, көшуге мүмкіндіктер туындатып жатыр. Осы орайда біз де еліміздің атынан Марста өмір сүруге қолайлы екендігін дәлелдеп, осы жобамызды Марста да сынап көргіміз келеді. Біздің жобамызда түрлі датчиктер, моторлар, дисплей қолданылған. Мұның барлығы ылғалдықты ұстап тұру мақсатында жасалған. Біз бұл чемпионатқа Маңғыстау өңірінің намысын қорғап келіп отырмыз. Осы жобаны 4 адам үш айдың ішінде ұйымдастырдық, – дейді қатысушы Үсірбай Шүкірбай. 

Марста өмір сүруге қолайлы жоба таныстырылды

Бұған дейін алматылық өнертапқыш қоқыс жинайтын дрон жасағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы