Марсқа қонған ғарыш аппараты Жерге мәлімет жіберді

19 Ақпан 2021, 14:45
3058
Бөлісу:
Марсқа қонған ғарыш аппараты Жерге мәлімет жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. NASA-ның Perseverance деп аталатын ғарыш құралы Марсқа қонды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл қызыл ғаламшарға ұшырылған тоғызыншы ғарыш құралы. 

Ғалымдар осы зонд арқылы Марста тіршілік ететін бактерияның бар-жоғын зерттеп, білуі тиіс. Ғарыш құралы Марсқа барған бетте Жерге мәлімет жіберді. Беймәлім планетадан келген кадрларды қабылдағандардың қуанышында шек жоқ. Perseverance зонды АҚШ-тан өткен жылдың шілдесінде аттанған болатын. Оны алып ұшқан зымыран Марсқа 500 млн шақырым жүріп жеткен. Бірақ «қызыл ғаламшарға» қону  жеңіл болмады. Себебі Марс атмосферасында газ қысымы өте жоғары. Бұған дейінгі миссиялардың 60 проценті сәтсіз аяқталған. 

Өзім қатты қайран қалдым. Бәрі жоспарға сәйкес жүзеге асты. Оның үстіне, пандемия келіп, жұмысымызда кедергі көбейді. Ақыры осылай сәтті болғанына шексіз қуаныштымын, - деді NASA басшысы Стив Юрчик.
Ғарыш құралының Марсқа табан тіреген сәті барлық тұрғындар көре алатындай тікелей эфирде көрсетілді. Бұл миссияның басты міндеті – Марста тіршілік ізін іздеп көру. Ғалымдар «қызыл ғаламшарда» 3-4 млрд жыл бұрын өмір болған деп сенеді. 
Басқа планетада тіршілік болғанын дәлелдеу өте қиын. Біздің мақсатымыз – үлгілер алдырып, оларды арнайы зертханада талдау. Сонда Марстағы өмірге қатысты түпкілікті жауап алар едік, - деді NASA-ның ғылыми қызметкері Кеннет Фарли.

Бұл – Марсқа кеткен үшінші ғарыш құралы. Былтыр Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері де өз аппараттарын жіберген болатын.



Өзгелердің жаңалығы