Марқакөлге тағы 40 см қар жауды

12 Ақпан 2024, 14:10
455
Бөлісу:
Марқакөлге тағы 40 см қар жауды

Жылдың басында Марқакөл ауданында қалың қар жауып, табиғи сыйпаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Арада 12 күн өткенде барып ең шеткі ауылдарға дейін жолдар ашылған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Ал бүгін ауыл тұрғындары тағы да 40 см қар жауып қалғанын айтты. Алайда жол ашық, жағдай қалыпты.

Алғашқы қалың қардан кейін ауылдарға жем-шөп жеткізіліп, тебінсіз қалған жылқылар ойға түскен болатын.

Тағы да 40 см қар жауып қалды. Жол тазалаушылар жұмыс істеп жатыр. Облыстық "Шығыс жол" ЖШС-да жұмыс істеп жатыр. Қазір халықтың жағдайы қалыпты. Көрші Зайсан ауданын шөп әкелініп, халыққа таратылды, – дейді ауыл тұрғыны Қайыркен Қазыбекұлы.

Айта кетейік, Марқакөлде жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай әлі сол қалпында қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы