Марқакөлде төтенше жағдай жарияланған ауылдарға мал азығы жеткізілді

29 Қаңтар 2024, 18:27
447
Бөлісу:
Марқакөлде төтенше жағдай жарияланған ауылдарға мал азығы жеткізілді

Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов төтенше жағдай жарияланған ауылдарға арнайы барып, 7 тонна жем апарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ екі көлікпен 26 орам шөп, 1 тонна дизель отыны мен 500 литр жанармай ауыл тұрғындарына берілген.

Айта кету керек, кеше Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылына жол ашылды. Ал, Балықтыбұлақ ауылына бүгін кешке дейін толығымен ашылмақ. Жолды тазалау жұмыстарына тағы бір техника мен трактор жұмылдырылатын болады.

Ауылдағы 150 бас жылқыны төмендегі Боран, Қарашілік ауылдарына тебінге айдады.

Қазір өңірдегі жағдай толықтай облыс және аудан әкімінің бақылауында. Аудан әкімі жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізген.

Өзгелердің жаңалығы