Мароккода жер сілкінісінен жүрексінген халық далада түнеп жүр

11 Қыркүйек 2023, 10:55
716
Бөлісу:
Мароккода жер сілкінісінен жүрексінген халық далада түнеп жүр

Мароккода жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 2122-ге жетті. 2,5 мыңға жуық адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«МИР 24» мәліметінше, жер сілкінісінен кейін үш күн өтсе де, үйлері бар адамдар далада түнеп жүр. Себебі олар жер сілкінісі қайталанады деп қорқады. 

Дәл қазір ел бойынша ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Үйінді астында әлі де тірі адамдар болуы мүмкін. Марокко патшасы ведомствоаралық комитет құру туралы тапсырма берді. Комитет жер сілкінісінен зардап шеккен үйлерді қалпына келтірумен айналысатын болады, сондай-ақ үйсіз қалған тұрғындарға көмек көрсетеді.

Намазымды оқып болғаннан кейін үйге кірдім. Сол сәтте жер сілкінді. Қуанышыма орай үйде балалар жоқ еді. Мен қашып шығып үлгердім. Қазір біздің тұратын жеріміз жоқ. Біз патшадан осы мәселенің шешемін табуда көмек көрсетуді сұраймыз. Дегенмен, біз тірі қалдық, Аллаға шүкір. Ең бастысы осы, - деді Марракеш тұрғыны Мулай Тайб Эль Мекки.

Еске салсақ, өткен жұмада Марракештен 80 шақырым жерде 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 10 шақырым болған. 20 минуттан кейін тағы да төрт рет дүмпу болған. Зілзаладан қаза болғандар саны 2 мыңнан асты, жоғалып кеткендер саны да одан кем емес.

Кеше Мароккода жер сілкінісінен кейін сейсмикалық афтершок тіркелді. Оның магнитудасы 4,5 баллға жеткен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы