Мароккода тұрып жатқан 30-дан астам жерлесіміз дін аман - Смадияров

12 Қыркүйек 2023, 13:38
835
Бөлісу:
Мароккода тұрып жатқан 30-дан астам жерлесіміз дін аман - Смадияров
Фото: t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мароккодағы қазақстандықтардың жайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айбек Смадияров қазіргі таңда Мароккода 30-дан астам қазақстандық тұрып жатқанын айтады. Олар жер сілкінісінен дін аман.

Мароккода Қазақстанның елшілігі бар. Онда 30-дан астам жерлесіміз тұрып жатыр. Бәрі аман-есен. Зілзаладан зардап шеккен және қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 3 мыңға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы