Мароккода Роналдудың қонақ үйі зардап шеккендерді тегін қабылдады

11 Қыркүйек 2023, 12:08
627
Бөлісу:
Мароккода Роналдудың қонақ үйі зардап шеккендерді тегін қабылдады
Фото: instagram.com/cristiano

Аль-наср шабуылшысы Криштиану Роналдудың Мароккода жер сілкінісінен зардап шеккендерге пана берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Marca басылымының хабарлауынша, португалдық шабуылшының Pestana CR7 Marrakech атты төрт жұлдызды қонақ үйі Марракеште орналасқан. Онда фитнес орталығы, мейрамхана және бассейн бар.

Роналду әлеуметтік желісінде Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Мен елдегі барлық адамдарға осы өте қиын кезеңде махаббат пен дұға жолдаймын, - деп жазды Роналду.

Мароккода 9 қыркүйекке қараған түні магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды. Ол соңғы 120 жылдағы елдегі ең жойқын зілзала болды. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы