Мароккода 13 тонна есірткі тәркіленді

22 Тамыз 2020, 21:43
1546
Бөлісу:
Мароккода 13 тонна есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Касабланка қаласының маңында арнайы операция өткізіп, халықаралық есірткі тобына қатысы бар ер адамды құрықтады, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Полиция 13 тонна есірткіні Марокконың ірі қалаларының бірі Касабланка маңында тәркіледі. Үлкен көлемдегі есірткі партиясы екі автокөліктен табылды. 39 жасар ер адам қамауға алынды. Полиция тергеуді жалғастыруда, - делінген ақпаратта.
Полиция Марокконың кей аудандарында есірткі өсірушілер көп екенін айтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оның басым бөлігі Еуропаға жөнелтіледі.
Өзгелердің жаңалығы