Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті

26 Қыркүйек 2023, 13:40
694
Бөлісу:
Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрі Марат Қарабаев Бейжің қаласында өткен Жаһандық көлік форумында сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Көлік министрі М.Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Бейжің қаласында өткен Жаһандық көлік форумына қатысты. Министр өз сөзінде Қытайды Еуропамен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін одан әрі артырудың маңыздылығын атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде таяу жылдары Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдау көлемін 5 еседен астам ұлғайту жоспарланып отыр.

Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Марат Кәрімжанұлы елімізде көлік-логистика саласын, автомобиль жолдары мен авиацияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен бірге Сиань қаласында логистикалық орталық құрылысының іске қосылуы, «Бақты - Аягөз теміржол желісінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстардың басталуы да сөз болды.

Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті

Аталған форум шеңберінде Орталық Азия мен Қытай Халық Республикасы көлік министрлерінің алғашқы кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында еліміздің көлік саласына жетекшілік ететін Марат Қарабаев шетелдік әріптестеріне қолданыстағы көлік нысандарына жаңа серпін беру және жаңа жобалар есебінен қуаттылықты одан әрі кеңейту бойынша жоспарларын айтып берді. Сондай-ақ теміржол, логистика мен әуе терминалдарын кеңейту саласында және автомобиль жолдарының құрылысындағы өзара ынтымақтастықты көздейтін өзекті бағыттар ұсынылды.

Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті

Министрлер кездесуінің қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Қытай – Орталық Азия» көлік министрлері кездесуін ұйымдастыру тетіктерін ойластырып, көлік саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Марат Қарабаев қытайлық әріптесімен кездесті

Форум аясында ҚХР көлік министрі Ли Сяопэнмен екіжақты кездесу өткізіліп, көлік-логистика, автожол және авиация салаларының негізгі бағыттары бойынша нақты мәселелер талқыланды. Келіссөздер барысында екі тарап Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қою барысында айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы