Марат Ахметжанов беларусьтік әріптесімен кездесті

9 Қыркүйек 2022, 16:25
652
Бөлісу:
Марат Ахметжанов беларусьтік әріптесімен кездесті

Беларусь ІІМ делегациясының Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне сапары аясында екі елдің министрлері Марат Ахметжанов пен Иван Кубраковтың кездесуі өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

 Министрлер өзара бірлескен жұмыс, іс-қимылдардың нәтижесі мен алдағы жоспарларды талқылады. 

Қазақстан мен Беларусь әрдайым достық қарым-қатынаста, саяси және экономикалық тығыз байланыста. Екі елдің арасында түрлі салаларда 100-ге жуық екіжақты келісімдер жасалды, олардың негізгісі достық пен ынтымақтастық туралы шарт болып табылады. Елдеріміздің ішкі істер органдары арасында да ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Жақсы нәтиже беретін бірлескен тиімді іздестіру жұмыстары жолға қойылды. Өткен жылдан бастап Қазақстанда Беларусь тарапының сұрауы бойынша үш қылмыскер іздестірілді, – деп атап өтті Қазақстан ІІМ басшысы Марат Ахметжанов. 

Министрлер екі елдегі полиция ынтымақтастығының жоғары деңгейін ерекше атап өтті. Екі жақты келісім аясында халықаралық құрылымдар шеңберіндегі жедел-қызметтік жұмыстардың кез-келген бағыты бойынша бірлесе атқарған іс көп.

Беларусьтің ішкі істер министрі Иван Кубраков қазақстандық тәртіп сақшыларын марапаттады. Ол Маңғыстау облысы ПД Мұнайлы аудандық патрульдік қызметінің қызметкерлері Мақсат Қадырбай мен Жанболат Тәжібаевқа қиын жағдайда Беларусь азаматына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы