Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT-тың саяси кеңес құрамына кірді

26 Сәуір 2022, 16:46
2835
Бөлісу:
Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT-тың саяси кеңес құрамына кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде партияның құрамы жаңартылды.

Партия съезінің күн тәртібі бойынша AMANAT-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу мәселесі қаралды. 

Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады, - деп айтты партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов. 

Съез делегаттары ұсынысқа қатысты қаулыны бірауыздан қолдап, дауыс берді. 

Өзгелердің жаңалығы