Маңғыстаулық көлік ақауына байланысты өндірушіден 7,3 миллион теңге өндіріп алды

16 Ақпан 2024, 18:12
703
Бөлісу:
Маңғыстаулық көлік ақауына байланысты өндірушіден 7,3 миллион теңге өндіріп алды
Фото: BAQ.KZ - архив

Тұтынушыға 7 426 100 теңге қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті анықталған зауыттық ақауға байланысты автокөлікті өндірушіге қайтару бойынша сот процесіне қатысты.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімшарт жасақтады, нәтижесінде өндіруші автокөлікті 7 390 000 теңгеге сатып алып, сараптама жүргізу үшін қосымша 36 100 теңге төледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы