Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

14 Шілде 2021, 21:04
2688
Бөлісу:
Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр
PHOTO

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау өңірінің тұрғындарына екпе егу бойынша жылжымалы диагностикалық медициналық кешен қызмет көрсетіп жатыр.

Жылжымалы кешен 9 шілдеден бастап қызмет көрсетуге шыққан.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

Қарақия аудандық ауруханасының дәрігері Гүлжан Ізбасова жылжымалы диагностикалық медициналық кешенге вакцина алуға күніне 100 адам келетінін айтты.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

Сағат таңертеңгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейміз. Келушілер тарапынан вакцинаның тиімділігі мен жанама әсер тудыру, тудырмауына қатысты сұрақтар көп туындайды. Көбі Спутник V вакцинасын таңдайды. Тұрғындар жеке куәлігімен жылжымалы кешенге келуі керек. Дәрігерлер олардың сатурациясы мен қан қысымын, тыныс алуын тексереді. Егер де ешқандай қарама-қайшылық болмаса, қалаған вакцинасын егеміз, - деді ол.
Медицина саласында 12-ші жыл қызмет етіп келе жатқан дәрігер  Ізбасова жылжымалы кешенде медбикелер де бар екенін айтты.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

Қазір індеттен құтылудың бірден бір жолы – вакцина алу. Сондықтан барлығын вакцина алуға шақырамын, - дейді Ізбасова.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

Жылжымалы кешенге вакцина алуға келген қала тұрғыны Аят Ибайдулла Спутник V вакцинасын алғанын айтты.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

Өзім және отбасымның денсаулығы үшін өз еркіммен вакцина алдым. Қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін осындай шешім қабылдадым. Вакцина алмаған адамдар айналасына кесірін тигізуі әбден мүмкін. Бұл - менің саналы шешімім, - деді қала тұрғыны.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

 Айта кетейік, облысқа барлығы 221 250 доза вакцина жеткізілген, оның ішінде: ресейлік Sputnik V: I компонент – 96 150 доза, II компонент – 66 600 доза; QazVac – 7 000 доза; Hayat-Vax – 31 500 доза, CoronaVac – 20 000.

Маңғыстаулық тұрғындарға жылжымалы вакцинация кешені қызмет көрсетіп жатыр

 Қазір облыс бойынша бірінші компонентпен 78 135 адам, екінші компонентімен 40 631 адам егілді. 


Өзгелердің жаңалығы