Маңғыстаудағы республикалық маңыздағы тас жолда жүк көлігі өртенді

12 Маусым 2024, 21:42
321
Бөлісу:
Маңғыстаудағы республикалық маңыздағы тас жолда жүк көлігі өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бейнеу ауданында республикалық маңыздағы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай" тас жолы бойында жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда өрт шықса, көлікті дереу тоқтатып, сыртқа шығуға кеңес беріледі.

Өзгелердің жаңалығы