Маңғыстау облысында үш тәулікке созылған ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жоғалған азаматша аман-есен табылды.
Іздестіру жұмыстары облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің үйлестіруімен полиция қызметкерлері, өзге де мемлекеттік органдар мен еріктілердің қатысуымен тәулік бойы жүргізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған азаматшаның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Алғашқы медициналық тексеруден өткізу және қажетті көмек көрсету үшін ол жедел жәрдем қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстарына қатысқан барлық қызметкерлерге, полиция өкілдеріне, еріктілерге және қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында жоғалған азаматшаны аман-есен табуға мүмкіндік туған.